Жаңалықтар

Кәсіпорынның ардагерлерімен кездесу

Кәсіпорында жаңа жыл қарсаңында Автошаруашылықтың ардагерлерімен кездесу дәстүрге айналды. 2019 жылғы 30 желтоқсанда мерекелік дастархан басында, шуақты да жанға жайлы отырыста Автошаруашылықтың қалыптасуы туралы еске алу кеші өтті. Кәсіпорын ардагерлеріне білімі мен тәжірибесін иемденген бүгінгі ұрпақ ризашылықпен және үлкен құрметпен қарайды.

Құрметті ардагерлер!

Сіздерді Жаңа жылмен құттықтаймыз және Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір және қажымас қайрат тілейміз!

06.01.2020
162