Жаңалықтар

Өрт оқу-жаттығулары

2019 жылдың 17 қазанында «ҚР ПІБ Автошаруашылығы» РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ ӨСБ-7 өрт сөндіру бөлімдерінің және Кәсіпорын жұмысшыларнының қатысуымен оқу-жаттығулар жүргізілді.

Оқудың басты мақсаты -  Кәсіпорын шекарасында төтенше жағдай болғанда Астана қаласының ТЖД  өрт бөлімдерінің бөлімшелерімен қарым-қатынас кезінде Кәсіпорынның жұмысшыларының және ерікті өрт жасағының дайындығын тексеру.

Оқудың түпкі ойы бойынша шартты өрт жөндеу механикалық шеберхананың (ЖМШ)  бояу цехінде болды.

Қолданған шаралармен шартты өрт қысқа уақытта жойылды. Оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қойылған барлық міндеттер орындалды. 

Оқу-жаттығуларды өткізгеннен кейін Кәсіпорынның жұмысшыларымен тез жанатын сұйықтықтарды сөндіру кезінде өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша тәжірибиелік іс-қимылдары жүргізілді.   Өртті сөндіру үшін көмірқышқылды, сондай-ақ ұнтақты өрт сөндіргіш қолданды, бұл оқуға қатысушыларға өрт сөндіргіштердің түрлі артықшылары мен кемшіліктерін өзінің жеке тәжірибиесі арқылы бағалауға мүмкіндік берді.

28.10.2019
72