Жаңалықтар

2019 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "ҚР ПІБ Автошаруашылығы" РМК ұжымының салтанатты жиналысы өтті.

Үздік жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен - пайдалану бөлімінің диспетчері Степанова Ольга, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының Құрмет грамотасымен – пайдалану бөлімінің аға диспетчері Изанова Саягүл, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының алғыс хатымен – бірінші сынып жүргізушісі Ваисов Рашид марапатталды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жоғары өндірістік көрсеткіштері және Кәсіпорынның қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысқаны үшін келесі номинациялар бойынша қызметкерлер марапатталды: "Мамандығы бойынша үздік" "Үздік тәлімгер" және "Жыл спортшысы".

06.01.2020
207